Мұсылмандардың 365 күндік өміріне арналған нұсқаулық
«1973 жылдан бастап ең мықты еңбектердің ішінен таңдалған ең маңызды ақпараттармен жарық көріп келе жатқан Фазилет күнтізбесі ғылыми комитеттің сараптамасынан өткеннен кейін оқырмандар назарына ұсынылады.
Біздің мақсатымыз – мұсылмандардың намаз бен оразаны уақытында орындай алуына және оларды мәңгілік өміріне қауіп төндіретін жамандықтардан қорғау үшін пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ету
Ғасырлар бойы ислам ғалымдары мен астрономдары қолданған қағидалармен намаз уақыттарын есептеу арқылы біз әлемді қызықтыратын портфолиомызбен аса маңызды қызметті жүзеге асыру жолында еңбектеніп келеміз. 2019 жылғы жағдай бойынша біз 205 елдің 4050 қаласында бүгінгі технологиялық қондырғыларды қолдана отырып, намаз уақыттарын аса дәлдікпен есептейміз.
Миллиондаған үйлердің қабырғаларын жылдар бойы безендіріп келе жатқан күнтізбеміз сізге көбірек пайдасын тигізу үшін әртүрлі нұсқалармен ұсынылады. Қабырға күнтізбесі, кітап түріндегі, түптелген күнтізбе және ең соңында мобильді қосымшаға бейімделдік.
Әһли сүннет ғалымдарының еңбектерін қолдану арқылы дайындалған фазилет күнтізбесі әлемдегі миллиондаған мұсылмандар үшін өмірлік нұсқаулық болып қала береді».